Выберите язык

Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жингақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

1 - Қыркүйек Білім күні

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ! 🔔
Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, барлық сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
🎓 Салтанатты жиын «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында өтіп, білім алушыларға Конституцияның маңызы, азаматтық жауапкершілік, заңды құрметтеу, адалдық пен отансүйгіштік құндылықтары кеңінен түсіндірілді.
✨ Іс-шара барысында оқушылар Отан, туған жер, білім мен ел болашағы туралы өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау ерекше қуанышпен аталып өтті.
📖 Сонымен қатар барлық сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңды құрметтеу жөнінде пікір алмасулар ұйымдастырылды.
Мерекелік жиында ардагер ұстаздар Арғынбаев Сындарқұл, Арғынбаева Бибара, маяқұм ауылдық әкімшілігінен Жаңабек ағай мен мектеп директоры Н.Карибаева 1-сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жолында сәттілік пен биік жетістіктер тіледі.
🌟 Жаңа оқу жылы – жаңа білім, жаңа мақсат, жаңа жетістіктер бастауы!